Алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстігі мен батысында салқындаудың жаңа толқыны күтіледі

Астана. 6 қараша. ҚазТАГ – Алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстігі мен батысында салқындаудың жаңа толқыны күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Ресейдің Еуропалық бөлігінен Оралға атмосфералық фронттармен кезекті циклон ығысуда, соған байланысты республиканың солтүстік жартысында қайта күрделі метеорологиялық құбылыстар: жауын-шашын, көктайғақ, кей жерлерде бұрқасынмен екпінді батыс желі күтіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған 7-9 қарашаға арналған ауа райы болжамында.
Ал циклонның артынан келетін арктикалық теңіз акваториясында қалыптасқан кезекті суық антициклон Қазақстанның батыс және солтүстік облыстарында күннің суытуына себепші болады.

adimage