Алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстігінде жаңбыр жауады, күн күркірейді және күшті жел күтіледі

Астана. 14 тамыз. ҚазТАГ – 15-17 тамызда Қазақстанның солтүстігінде жаңбыр жауады, күн күркірейді және күшті жел күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Кезең ішінде биіктіктегі циклон Қазақстанның батысынан солтүстік аймақтарына ығысып, соның салдарынан кей жерлерде найзағай және дауылды желмен қатты жаңбыр күтіледі, бұршақтың түсуі ықтимал. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде кей жерлерде түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі. Батыста ауа температурасының төмендеуі, ал солтүстікте ауа температурасының жоғарылауы күтіледі», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарында.

adimage