«Алматы-1» және «Алматы-2» теміржол вокзалдары қаланың коммуналды меншігіне берілетін болады

Алматы. 21 желтоқсан. ҚазТАГ - «Алматы-1» және «Алматы-2» теміржол вокзалдары қаланың коммуналды меншігіне берілетін болады, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.
«Алматы-1» және «Алматы-2» теміржол вокзалдары қаланың коммуналды меншігіне берілетін болады», - деді премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың Алматыға жұмыс сапары кезінде мегаполис әкімі Бауыржан Байбек.
Оның айтуынша, мұндай шара қала әкімдігіне вокзалдарға реконструкция жүргізуге, тұрақты өсіп келе жатқан жолаушылар ағынын кеңінен қамтуға әрі теміржол вокзалдарын қаланың көлік құрылымының бір бөлігі ретінде дамытуға мүмкіндік береді..
Хабарда , "Алматы-1" теміржолын жаңартуды 2019 жылы, ал "Алматы-2" теміржолын реконструкциялауды 2020 жылы бастау жоспарланған.
Баспасөз қызметінде еске салғандай, бұрындары қаланың коммуналды меншігіне Алматының бірқатар маңызды нысандары қайтарылған болатын.
«Атакент» жанындағы алаңды қысқарту барысында асфальт төселген маңай азайды, түрлі құрылыстар сүріліп, газондар мен ағаштар отырғызылды. Жаяу жүргішілердің қаупсіздігін қамтамасыз ету үшін стихиялы тұрақтар жойылып, бұл аумаққа кіруге тиым салынды.
Жақында мемлекет меншігіне қайтарылатын жер телімінде ашық аспан астындағы сақ мәдениеті музейі ашылатын болады. Мегаполис әкімдігі мен екінші деңгейлі бір банк арасында Розыбакиев-Штраус-Есқараев-Радостовец көшелірі бойындағы 2,7 гектар аумақты қайтару жөніндегі келісімге қол жетті.
Бұрындары «Южный» паркінің солтүстік жағындағы құрылыс салу үшін бөлінген жер телімі де қала қайтарылған еді, қазір мұнда аудан тұрғындарының ұсынысы ескеріле отырып саябақ аумағын реконструкциялау жүруде.
Табиғи ескерткіш болып табылатын «Баум бағы» қаланың коммуналды меншігіне берілген соң инвентаризация жүргізілді және жеке тұлғалар мен автосалондар иелері басып алған 2,5 га жер телімі қайтарылды.

adimage