Алматы. 17 мамыр. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Алматының №2 Медеу аудандық соты қаланың денсаулық сақтау басқармасының экс-бастығы Серікбол Мусиновке Т240 млн 84 мың айыппұл төлеу түрінде үкім шығарды.
«Мусинов Серікбол Рахымқанұлы ҚР ҚК 367 б. 1 және 2 т. 3 б. бойынша (пара беру) айыпты деп танылып, оған параның 26 есе сомасы көлемінде, яғни Т240 млн 84 мың айыппұл төлеу түрінде жаза тағайындады» - деді жұма күні үкімді оқыған судья Фарух Омаров.
Сонымен қатар, сот Мусиновтан Т233 мың 515 сома көлемінде сараптама жасау құнын төлеу, сондай-ақ Т48 100 зардап шегушілер қорына аудару қажет деп шешті.
Айыппұл бір жыл ішінде төленуі керек, ал айыппұл төлеуден бас тартқан жағдайда ол бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.
Үкімге 15 тәулік ішінде шағымдануға болады.
Мусинов сот үкімімен келіспейтінін және шағымданатынын жеткізді.
«Мен тағы да қайталаймын: менің жүрегім мен қолдарым таза. Мен қолдау көрсеткен және қолдау көрсетіп жатқан барлық әріптестеріме, мэтрлерге, денсаулық сақтау ардагерлеріне, отандастарыма, жақындарыма, қорғаушыларыма алғыс айтқым келеді. Әрине мен сот шешімімен келіспеймін және аппеляцияға беретін боламын», - деді ол.
Еске салсақ, Серікбол Мусинов Алматы денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып 2017 жылдың қарашасында тағайындалған. 2018 жылдың қыркүйегінде Мусинов атқарып отырған қызметінен босатылған. 6 ақпанда Алматы қалалық соты 2016, 2017, 2018 жылдардағы тексерудің оң нәтижелері үшін аса ірі көлемде алдын-ала сөз байласу арқылы бір топ адамға пара берген деген айып таққан. Мусинов оған тағылған айыптармен келіспейді. 3 мамырда денсаулық сақтау экс-министрлері Төрегелді Шарманов, Василий Девятко, Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясының (ҰҒА) академиктері мен медицина қоғамының басқа да өкілдері сотта денсаулық сақтау басқармасының басшысы Серікбол Мусиновты жақтап сөз сөйледі. Мусиновтың қорғаушылары судья Фарух Омаровтан екі рет бас тартты, олар судьяның жеке өзі тікелей немесе жанама осы іске қызығушылық танытуына негіз бар деп санайды. Қорғаушылардың айтуынша, судья Омаров тараптардың жарыспалылық қағидасына, объективтілік пен бейтараптылық үдерісін бұзушылыққа жол берді деп санайды. Алайда Омаровтан бас тарту талабын қанағаттандырудан бас тартылды.
Жарыссөзде қорғаушылар ақтаушы үкім шығаруды сұрады, себебі Серікбол Мусиновтың кінәсі дәлелденбеген, істе пара беруге азғырушылық орын алған, қорғаушының барлық дәлелдері қарастырылмаған және тараптардың жарыспалылығы бұзылған деуде олар. Прокурор соттан жеке мүлкін тәркілеместен Мусиновты айыпты деп танып, оған 30 есептік көрсеткіш көлемінде, яғни Т278 млн 885 мың айыппұл тағайындауды және мемқызметте, өзін-өзі басқару органдарында, ҚР Ұлттық банкінде және т.с.с қызмет атқару құқығынан өмір бойы айыруды, сондай-ақ одан сараптама жүргізу шығындарын, сондай-ақ зардап шегушілер қорына 20 АЕК, яғни Т48 100 өтеуді сұрады.
Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысына Т240 млн айыппұл салынды
