Алматы мен Ашхабад арасындағы әуе қатынасы қалпына келтірілді

Алматы. 6 маусым. ҚазТАГ – Алматы мен Түрікменстан қаласы Ашхабад арасындағы әуе қатынасы қалпына келтірілді, деп хабарлады орталық коммуникация қызметінен.
«Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті түрікмен тарапымен бірлесіп Қазақстан мен Түрікменстан арасында әуе қатынасын қалпына келтіру пысықтады», – делінген хабарда.
2023 жылдың 2 маусымынан бастап «Түрікменстан» әуе компаниясы екі ел арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастады. Тасымалдау «Боинг-737» үлгісіндегі әуе кемелерінде жұма күндері аптасына 1 рейс жиілігімен Алматы-Ашхабад бағыты бойынша орындалады.

adimage