Алматы облысы әкімінің орынбасары Манзоров демалыста

Алматы. 18 қазан. ҚазТАГ – Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров демалыста, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Иә, (Манзоров – ҚазТАГ) 14 қазан 1 қараша аралығында ақысы төленбейтін демалыста», - деп хабарлады жұма күні Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, баспасөз қызметінде еске салғандай, бұған дейін 30 қыркүйектен бері Манзоров денсаулығына байланыста демалыста болған еді.
Еске салсақ, бұған дейін ғаламторда 26 қыркүйек күні сағат 4.55-те Манзоров ұсталып, сыбайлас жемқорылыққа қарсы іс-қимыл қызметі қызметкерлерінің оны Алматы ПД УҰИ-ге тоғытқаны туралы хабар тараған еді. Хабарда әкімнің орынбасарына ҚР ҚК 366 бабы 3 бөлімі (пара алу) бойынша айып тағылып жатқаны айтылған. ҚазТАГ ХАА редакциясы Алматы облысы әкімдігіне хабарласқан, ол жерде Манзоровтың ұсталғандығы туралы мәліметтің жоғын, өздерінің де жағдайды анықтау үшін құқыққорғау органдарына жүгінгендерін жеткізген.
26 қыркүйек күні кешкісін құқыққорғау органдарындағы дерек көзі ҚазТАГ тілшісіне Алматы облысы әкімінің орынбасарының ұсталғанын растады, ал 27 қыркүйекте Манзоровтың ұсталғандығы туралы ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ресми түрде растады. Оның ұсталғандығы туралы ресми ақпарға түсінік бере келе, Алматы облысының әкімдігі өңірде оның жұмысына ешқандай шағым жоғын жеткізді.
1 қазанда Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінен Алматы соты Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровқа қатысты бұлтартпас шарасы бойынша шешім шығармағанын хабарлады. Ал заң бойынша ұсталған адамға қатысты бұлтартпас шарасы ұстаған сәттен бастап 72 сағат ішінде шығарылуы керек.
2 қазанда ҚазТАГ «Время» баслымына сілтеме жасап, тергеудің Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровтың ісін қайта ауыстырғанын хабарлады.
«Біздің ақпарымызша қылмыстық іс ҚК 366-бабынан (пара алу) 190-бабына (алаяқтық) ауыстырылды. Яғни тергеу органы Алматы облысы әкімінің орынбасарының сыбайлас жемқорлық қылмысын жасамағанына сенімді. Ал Манзоровтың көмекшісі Бағдат Сайланбайұлының изоляторда емес ауырып жатқанын растады», - делінген хабарда.
Манзоров Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне 12 шілдеде тағайындалған. Оған дейін ол 2008-2017 жылдар аралығында Алматының Алатау ауданының әкімі болған.

adimage