Алматы облысында 27 мамырда қатты ыстық сақталады

Астана. 26 мамыр. ҚазТАГ – Алматы облысында 27 мамырда қатты ыстық сақталады, деп хабарлады өңірдегі төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
«Қазгидромет» РМК болжамы негізінде күндіз 27 мамырда Алматы облысында 35 градус қатты ыстық сақталады», - делінген сейсенбідегі дауылды ескертуде. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«Алматы облысы ТЖД үйде қалуға ұсыныс береді. Ыстықтаған жағдайда көлеңкеге барып, салқындап, су ішу керек. Күн қатты ысыған кезде табиғи өрт қаупі артатынын есте сақтаңыздар», - деп ескертті ТЖД.

adimage