Солтүстік Қазақстанда бұлт сервисінің қызметтеріне Т1,4 млрд жұмсамақ

   Астана. 4 мамыр. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті бұлт сервисінің қызметтеріне Т1,4 млрд қаражат жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
  «Тапсырыс беруші – «Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті» ММ; атауы - бұлт сервисінің қызметтері; қосымша сипаттамасы - бұлтты қызмет көрсетулер қызметі; саны - бір; өлшем бірлік - бір қызмет; жоспарлы сома - Т1 424 351 741,08», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
   Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 4 мамырда басталып, 19 мамырда аяқталады.

Фото көзі: cnews.ru


adimage