Алматы облысында алдағы үш тәулікте қар және желдің күшеюі күтіледі

Талдықорған. 8 сәуір. ҚазТАГ – Алматы облысында алдағы үш тәулікте қар және желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлады өңірдегі ТЖД баспасөз қызметінен.
«Қалың жауын-шашынның болуына орай Алматы облысының аумағында 8-9 сәуірде жаңбыр, қар, тұман күтіледі, солтүстік-батыстан кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жел тұрады», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
9-10 сәуір аралығында ауа температурасы күрт төмендейді, түнде -5 дейін.

adimage