Алматы облысында қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны өртеніп жатыр

Астана. 16 мамыр. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова.Алматы облсында қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигоны өртеніп жатыр.
«16 мамырда сағат 02.03-те өрт сөндіру қызметінің тетігіне Алматы облысы Қарасай ауданы Айтай ауылынан 7 шақырым жерде қоқыс полигонында шамамен 1 га алаңда қатты тұрмыстық қалдықтар өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов бейсенбіде.
Өз кезегінде Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі өрт сөндіру көліктерінің ол жерге бара алмайтынын айтуда, себебі шұңқырдың тереңдігі 60-70 м.
«Қазір саз балшық төгілуде. Толық төгіп болғанда өрт те сөнуі керек», - деді облыстық ТЖД-нен.

adimage