Алматы облысында магнитудасы 3,6 жер сілкінісі болды

Алматы. 1 сәуір. ҚазТАГ – Алматы облысында магнитудасы 3,6 жер сілкінісі болды, деп хабарлады Қазақстан геофизикалық зерттеулер институтының Ұлттық деректер орталығынан.
«2020 жылдың 1 сәуірі Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 01.22-де (Гринвич бойынша 31 наурыз 19 сағат 22 минут) Текеліден шығысқа қарай 81 км және Жаркенттен солтүстік-батысқа қарай 51 км қашықтықта жер сілкінісі орын алды. (...) Магнитудасы mpv =3,6. Энергетикалық класы К= 7,5», делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, жел сілкінісі ошағының координаттары 44.28° с.б. 79.38° ш.е..

adimage