Алматы облысында магнитудасы 4,7 балдық жер сілкінісі орын алды

Алматы. 16 қазан. ҚазТАГ – Алматы облысында магнитудасы 4,7 балдық жер сілкінісі орын алды, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.  
«16 қазанда Алматы қаласынан шығысқа қарай 90 шақырым жерде - Алматы облысының Кеген ауданында сағат 11.48-де жер сілкінісі тіркелді. орналасқан. Сейсмологтардың ақпарынша,  MPV магнитудасы - 4.7. Жер сілкінісі ошағының координаттары 43.23° с.е. 78.02° ш.б. Тереңдігі - 15 км», - делінген сейсенбіде іТЖД хабарында.
Оның сезілгендігі, зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпар жоқ.

adimage