Алматы перзентханасындағы шақалақтың өлу себебін комиссия анықтауда

Күні: 16:41, 22-01-2020.

Алматы. 22 қаңтар. ҚазТАГ – Алматы перзентханасындағы шақалақтың өлу себебін комиссия анықтауда, деп хабарлады қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
«ҚР ДСМ қызметтер мен тауарлардың қауіпсіздік сапасын бақылау комитетімен бірге комиссия құрылды, оның құрамына жоғары медициналық мекеме өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар кірді. Комиссиялық тексерістің нәтижесі бойынша бұл қайғылы жағдайдың себептері мен жағдайлары анықталатын болады. Басқарма қайғырып көңіл айтады, аталмыш дерек қала басшылығының бақылауында. Комиссиялық тексерістің қорытындысы құқықтық баға беру үшін құқыққорғау органдарына жолданатын болады», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Басқармада сәбидің екпеден өлуі мүмкін екенін растамады.
Бұған дейін хабарлағандай, Алматыдағы перинаталдық орталықта жаңа туған шақалақ шетінеп кетті. Ата-аналарының айтуынша, нәресте дені сау болып туған, алайда екпе жасалғаннан кейін нәрестенің жағдайы қиындап, олардың пікірінше, осындай қайғылы жағдай орын алып отыр.


Жаңалықтармен бөлісу: