Алматы перзентханасында жас босанған әйелдің өлімі бойынша полиция дәрігерлерден түсінік алуда

Алматы. 5 наурыз. ҚазТАГ - Алматы перзентханасында жас босанған әйелдің өлімі бойынша полиция дәрігерлерден түсінік алуда, деп хабарлады қаладағы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
«Аталмыш дерек ҚР ҚК 317 б.3б. бойынша СТБТ тіркелген. Қазіргі таңда медициналық қызметкерлерден түсінік алынуда, сонымен қатар барлық қажетті сараптама тағайындалған, соның нәтижесі бойынша шешім қабылданатын болады», - деп хабарлады бейсенбі күні полициядан.
Еске салайық, Есінбекова ауруханаға 23 ақпанда түскен, бірақ толғақ 28-ші күні басталған. Марқұмның туыстары дәрігерлер ұрықтың үлкен болғанына және толғағы болжамдалған мерзімнен кеш басталғанына қарамастан, әйелдің өліміне әкеп соқтырған жағдайды тудырып, кесар тілігі арқылы босануға тырыспады деп санайды. Сонымен қатар, дәрігерлер марқұмның туыстарын адастырып, әйелді комада жатыр, ал іс жүзінде ол қайтыс болды деп, оларды алдады деп айыптайды. Туыстарының айтуы бойынша ішкі ағзаларының жарылуы мен көп қан жоғалту салдарынан қайтыс болған Есинбекованың үш баласы бар. Ол қайтыс болардан біраз бұрын туыстарына медициналық мекеме қызметкерлері тарапынан сыбайластық пен дөрекілік туралы хабарлауға үлгерді.
Кефін полицияның аталмыш іске қатысты тергеу амалдарын бастағаны белгілі болды. Бірақ туыстары бұл жағдайда бюрократиядан қорқады.

adimage