Алматы соты жазда ұсталған көпбалалы аналарды қамаудан босатудан бас тартты

Алматы. 14 қараша. ҚазТАГ – Алматыдағы Алмалы аудандық соты жазда ұсталған көп балалы аналар – Жазира Демеуованы, Гүлзипа Жәукерованы және Оксана Шевчукты, сондай-ақ азаматтық белсенді Әнуар Әшіралиевті қамаудан босатудан бас тартты, деп хабарлады агенттік тілшісі сәрсенбіде.
Қорғаушылар сотталушыларға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпас шарасын үй қамағына ауыстыруды сұрады, алайда сот олардың өтінішін қанағаттандырмады. Сот қамауға алынғандардың кішкентай балаларының барын да, басқа да жұмсартушы сипаттағы жағдайларды да назарға алмады. Сондай-ақ, қорғаушылар сотталушылардың қамауда отырғанда түрлі қорқытулар мен қатерлерге тап болып жатқанын мәлімдеді.
Көп балалы аналардың ісі бойынша негізгі процесс Алматыда 14 қарашада басталады.
Еске салсақ, 2019 жылдың 4 шілдесінде Алматы қалалық тергеу соты ҚДТ-ға («Қазақстанның демократиялық таңдауы» - тыйым салынған ұйымы - ҚазТАГ) қатысы бар деген айыптаулар бойынша сотқа дейінгі тергеп жатқан Жазира Демеуова, Гүлзипе Жәукерова және Оксана Шевчукты алдын алу шарасын үй қамауынан екі айға түрмеге қамауға ауыстырды. Қолдарындағы кішкентай балалармен (оның ішінде сәбилермен және ерекше қажеттіліктері бар емізулі сәбилері барлар) барлық әйелдерге «тінту» нәтижелері бойынша өткізілмеген митингіге белсенді дайындықтар жүргізіп жатыр деген айып тағылды.

adimage