Алматы түбінде құлаған Bek Air әуелайнерінің екінші ұшқышы қайтыс болды

Астана. 29 қаңтар. ҚазТАГ – Миржан Молдақұлов – Алматы түбінде құлаған Bek Air әуекомпаниясының Fokker-100 жолаушылар лайнерінің екінші ұшқышы қайтыс болды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Ол ауруханадан 21 қаңтарда шыққан – жағдайы тұрақты болатын. Ол өз үйінде қайтыс болды. Бір апта бұрын ауруханадан шыққан, бүгін қайтыс болды», - деп растады агенттік тілшісіне сейсенбі күні Алматы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Әсет Мұқажанов.
Fokker-100 екінші ұшқышы Молдақұлов осы типтес әуе кемесімен жалпы 11 мың сағаттан астам уақыт ұшқан екен, ал екінші ұшқыш ретінде 5 мыңан астам сағат ұшқан. Мамыр айында ол 55 жасқа толатын еді.
Еске салсақ, 27 желтоқсанда 07.22-де Алматы-Нұр-Сұлтан бағытындағы Bek Air әуекомпаниясының №Z2100 рейсі ұшу барысында биіктіктен жоғалып, бетон қоршауды бұзып, екі қабатты нысанға соққан. Bek Air ұшағының артқы бөлігі екі рет ұшу жолағына тиген. Жалпы барлығы бортта 93 жолаушы, оның үшеуі - нәресте және 5 экипаж мүшесі болған. Әуеапатынан 12 адам мерт болды, оның ішінде Informburo.kz интернет-порталының журналисі Дана Круглова мен Қазақстан генералдар кеңесінің төрағасы Рустем Қайдаров бар. Сонымен қатар сол кезде әуе кемесінің командирі Марат Мұратбаев та мерт болған еді. Әуеапатынан кейін басталған тексерулер нәтижесінде Bek Air әуекомпаниясымен қатар, Алматы әуежайы маңындағы аумақтағы жер қатынастары саласында да бірқатар бұзушылықтар табылған.

adimage