Алматы тауларында көлемі 16 мың текшеметр қар көшкіні жүрді

Алматы. 18 сәуір. ҚазТАГ – Алматы тауларында көлемі 16 мың текшеметр қар көшкіні жүрді, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Алматы қаласы Үлкен Алматы өзенінің алабында өздігінен қар көшкіні жүрген. Көшкіннің салмағы 16 мың текшеметрді құраған», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Қар көшкіні тау етегінде тоқтаған.
«Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады ТЖМ.

Фото көзі: ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен


adimage