Алматыда 15-ке жуық мектепте оқушы саны «өте көп»

Алматы. 19 қараша. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Алматыда 15-ке жуық мектепте оқушы саны «өте көп», деп мәлімдеді қаланың білім басқармасының басшысы Гүлнар Хожабергенова.
«Норматив бойынша, бір класта 25-30 баладан артық болмауы керек. Егер класта 35 баладан көп болса, ол артық салмақ болып есептеледі. Осындай оқушы саны өте көп мектептер саны қалада 15-ке жуық», - деді Хожабергенова сейсенбідегі брифингте.
Қазіргі таңда Алматыдағы оқушылар орнының тапшылығы 30 183 құрап отыр.
«2020 жылы МЖӘ аясында 12,9 мың орынға сегіз, әрқайсысы 1640 орындық үш мектеп пен 600 орындық екі мектеп құрылысын бастау жоспарлануда. Бұл сан, әрине, Алматыдағы балалардың жыл сайынғы өсімінің 14-17 мың екенін ескерер болсақ, орын тапшылығы мәселесін шешпейді, алайда 2025 жылға дейін қаланы дамыту бағдарламасы аясында тапшылықты шешуге тырысамыз», - деді бөлім басшысы.

adimage