Алматыда 15-ке жуық мектепте оқушы саны «өте көп» (толық)

Алматы. 19 қараша. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Алматыда 15-ке жуық мектепте оқушы саны «өте көп», деп мәлімдеді қаланың білім басқармасының басшысы Гүлнар Хожабергенова.
«Норматив бойынша, бір класта 25-30 баладан артық болмауы керек. Егер класта 35 баладан көп болса, ол артық салмақ болып есептеледі. Осындай оқушы саны өте көп мектептер саны қалада 15-ке жуық», - деді Хожабергенова сейсенбідегі брифингте.
Қазіргі таңда Алматыдағы оқушылар орнының тапшылығы 30 183 құрап отыр.
«2020 жылы МЖӘ аясында 12,9 мың орынға сегіз, әрқайсысы 1640 орындық үш мектеп пен 600 орындық екі мектеп құрылысын бастау жоспарлануда. Бұл сан, әрине, Алматыдағы балалардың жыл сайынғы өсімінің 14-17 мың екенін ескерер болсақ, орын тапшылығы мәселесін шешпейді, алайда 2025 жылға дейін қаланы дамыту бағдарламасы аясында тапшылықты шешуге тырысамыз», - деді бөлім басшысы.
Сонымен қатар, ол атап өткендей, мектептерде орын тапшылығының орын алуына сейсможағдайды нығайту бойынша жөндеу жұмыстарының жүргізілуі де себеп болып отыр. Ол кезде оқушыларды жақын маңдағы мектептерге ауыстырады.
«Биыл тоғыз мектептің сейсможағдайы нығайтылып жатыр. Бес мектепте жұмыстар аяқталды, екеуінде 2020 жылдың қаңтарында аяқталады, тағы екеуі - көктемде», - деді спикер
Сонымен қатар білім басқармасы оқушы орнының тапшылығын жеке мектептер арқылы да шешпек.
«Қалада 16 мың бала бар 61 жеке мектеп жұмыс жасап жатыр. Біз 2019 жылдың қаңтарында мемлекеттік білім грантын орналастыру бойынша конкурс өткіздік, оған 27 жеке мектеп қатысуға тілек білдірді, 1 қыркүйектен бастап біз 6 812 орынға тапсырыс орналастырамыз. Республикалық бюджеттен жеке мектеп бір бала үшін жылына Т235 мың алатын болады», - деп түсіндірді мәселенің мән-жайын Хожабергенова.
Бұл ретте Алматыдағы жеке мектептерде баланы оқыту жылына қанша болатыны (яғни, мемлекет төлейтін Т235 мыңнан басқа ата-ананың қанша төлейтіні туралы) туралы сұрақты білім ведомствосының басшысы тікелей білім беру мекемелеріне қоюға кеңес берді.
«Бір оқу жылында жеке мектептерге 340 бала ауысты. Мен бұлар азқамтылған отбасы балалары деп айтпаймын, ата-аналар балаларын өз беттерімен ауыстырған. Десек те біз бизнес алдында оқу ақысын төмендету міндетін қоямыз», - деді Хожабергенова.

adimage