Алматыда 16 мыңнан астам тұрғын үй газдан уақытша ажыратылады

Алматы. 20 маусым. ҚазТАГ - Алматыда 16 мыңнан астам тұрғын үй газдан уақытша ажыратылады, деп хабарлады Алматы Газ қызметінен.
«24 маусым 5 шілде аралығында Рысқұлов даңғылы – Құлжа тас жолы мекен жайы бойынша көлік түйінінің құрылысына байланысты тұрғын үйлер мен нысандарындағы газ уақытша ажыратылады. Жалпы жеке сектордағы 16 073 нүкте мен ұжымдық сектордағы 675 нүкте ажыратылады», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Сонымен қатар, хабарланғандай, газбен жабдықтау Райымбек даңғылы – Сүйінбай көшесі – Б.Хмельницкий көшесі - Бұқтырма көшесі – Қотырбұлақ көшесі – Халиуллин көшесі – Талғар тас жолы учаскесінде орналасқан 134 өнеркәсіптік кәсіпорында ажыратылады.

adimage