Алматыда алдын-ала болжам бойынша өгей әкесі ұрған екі жасар бала қайтыс болды

Алматы. 3 қазан. ҚазТАГ - Алматыда алдын-ала болжам бойынша өгей әкесі ұрған екі жасар бала қайтыс болды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Екі жасар бала ауыр соққылардың салдарынан ертеңгісін 08.00-де қайтыс болды,», - деп хабарлады бейсенбіде Алматының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, 23 қыркүйекте сағат шамамен 16.00-де Алатау ауданы ПБ кезекші бөліміне қаладағы ауруханалардың біріне 2017 ж.т. баланың ес-түссіз жеткізілгені туралы хабар келіп түскен. Дәрігерлер оның көптеген жарақаттар алғанын анықтады. Алматының полиция департаментінен хабарлағандай, бала комада болған. Баланы өгей әкесі ұрған деп күдіктелуде. Ол қамауға алынды. ҚР ҚК 106 бабы 1 бөлімі бойынша (денсаулыққа әдейі ауыр зиян келтіру) тергеу амалдары басталды.
Кейін Алматының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, соққыға жығылған екі жасар балаға шұғыл түрде ота жасалған, бірақ ол бұрынғысынша комада болған.

adimage