Алматыда алма бағын кесу дерегі бойынша тексеру амалдары ІІМ бақылауында

Алматы. 17 қазан. ҚазТАГ - Алматыда алма бағын кесу дерегі бойынша тексеру амалдары ҚР ішкі істер министрлігінің (ІІМ) бақылауында, деп хабарлады қаланың полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«Азаматша Ж.О.Орымбаеваның арызы қабылданды. Қазіргі уақытта Алматы қалалық ПД тергеу басқармасында тергеу амалдары жүргізілуде. Ол ҚР ҚК-нің 188-бабы, 1-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. (…)Қылмыстық тергеудің барысы Ішкі істер министрлігі мен Алматы қалалық қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мамандандырылған прокуратураның бақылауында», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, істің объективті болуы үшін алдымен заңсыз әрекетке барған тұлғаларды анықтау, содан кейін оларды ұстау, әрі қарай жауапқа тарту бойынша кешенді шаралар қабылданады
«Өндіріс аясында бірқатар процессуалдық амалдар жүзеге асырылуда. Қоршаған ортаға келтірілген шығындар секілді, зардап шегуші тарапқа келтірілген шығынды да анықтау мақсатында сараптамалық тексеру тағайындалды», - делінген хабарда
Атап өтелік, бұған дейін Алматы тауларында зейнеткерлер еккен «апорт», «кандиль» деген сирек кездесетін алманың сорттары бар алма бағын біреулердің кесіп кеткені белгілі болған еді.

adimage