Алматыда бизнес орталықта өрт шықты

    Алматы.29 наурыз.ҚазТАГ- Алматыда бизнес орталықта өрт шықты, депхабарлайды төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі..
   «29 наурызда сағат 10:04-те ТЖД күштері мен құралдары Медеу ауданына, Достық даңғылы, 38 мекенжайына жіберілді. Оқиға орнына келген сәтте 9 қабатты бизнес орталықтың 8-қабатында 30 шаршы метр аумақта өрттің шыққаны анықталды. Өрттің 9-қабатқа таралу қауіпі болды», - делінген жұма күнгі хабарламада.
   ТЖД мәлімдегендей, келушілер ғимараттан сыртқа шығып, қауіпсіз жерге орналасты.
   Айта кетейік, оқиға орын алған мекенжайда "Кең Дала" бизнес-орталығы орналасқан.

Фото көзі: 2gis.kz


adimage