Алматыда екі адам мерт болып, алтауы зардап шеккен жаппай ЖКО тексерілуде

Алматы. 17 қазан. ҚазТАГ - Алматыда екі адам мерт болып, алтауы зардап шеккен жаппай ЖКО тексерілуде, деп хабарлады қаланың полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«ЖКО салдарынан (Алматының Алмалы ауданында 01.40-та орын алған – ҚазТАГ) Audi көлігінің 1992 және 1993 жылдары туылған екі жолаушысы оқиға орнында мерт болды, тағы алты адам (Audi көлігінің жүргізушісі мен бір жолаушысы, BMW үш жолаушысы мен Subaru Forester жүргізушісі) түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Аталмыш дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне (СТБТ) ҚР ҚК 345 бабы 4 бөлімі бойынша тіркелді», - деп хабарлады бейсенбіде Алматы ПД баспасөз қызметінен.
Полицияда хабарлағандай, BMW жүргізушісі бірден ұсталып, уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.
«Аталмыш қылмыстық іс материалдары Алматы ПД тергеу басқармасының өндірісіне қабылданды», - деп атап өтті ПД-нен.
Департамент ақпарынша, BMW маркалы көлігінің жүргізушісі 1999 жылы туылған азамат К. (Алматы облысының тұрғыны), ішімдік ішкен мас күйде және есірткінің буымен Сейфуллин даңғылымен жүріп келе жатып, Бөгенбай батыр көшесінің қиылысында бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, батыс бағытта жүріп келе жатқан Audi көлігіне соққан.
Ары қарай BMW көлігі қарсы жолға шығып кетіп, Сейфуллин даңғылымен оңтүстік бағытта жүріп келе жатқан Subaru Forester мен Toyota Carina көліктеріне соққан.

adimage