Алматыда екі жеке тұрғын үй, ТҚС пен шаруашылық құрылысы өртенді; ер адам зардап шекті

Алматы. 18 шілде. ҚазТАГ - Алматыда екі жеке тұрғын үй, ТҚС пен шаруашылық құрылысы өртенді; ер адам зардап шекті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«18 шілдеде сағат 00.55-те Алматының төтенше жағдайлар департаментінің «101» тетігіне Жетісу ауданы, Потанин көшесі, №145 үйден өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер сағат 01.05-те келіп жеткенде бір қабатты екі пәтерлі жек тұрғын үйдің шатыры өртеніп жатқан, ол көрші тұрған екі қабатты жеке тұрғын үйдің екінші қабаты мен төбесін (Потанин к., 145/2 үй), ТҚС шатырын (Жангельдин көшесі, 140), шаруашылық құрылыстың шатырын (Потанин көшесі 147 үй) шарпыған. Өрт 01.59—да ауыздықталып, 02.47-де толық сөндірілген. Өрттің жалпы алаңы 260 ш. м. құраған. Өрттен уланған 1983 ж.т. ер адам ауруханаға жеткізілді» - деп хабарлады бейсенбіде Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
Ол өрт басталған үйдің 1952 жылы салынғанын айтты (қаңқасы- қамыстан).
«Өрт өте тез тараған. Барлық құрылыс бір-бірінен 1 м қашықтықта орналасқандықтан тілсіз жау оларға тез тараған. (...) Өрт себебі анықталуда», - деді Алматы ТЖД ресми өкілі.

adimage