Алматыда монша кешеніндегі өртті сөндіруге тырысуда

Алматы. 12 маусым. ҚазТАГ – Алматыда монша кешеніндегі өртті сөндіруге тырысуда, деп хабарлады қаланың ТЖД баспасөз қызметінен.
«12 маусымда сағат 8.09-да Алматының ТЖД «101» тетігіне Алмалы ауданы, Хусаинов көшесі, 2 мекенжайы бойынша орналасқан монша кешенінен өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жетті. Өртті сөндіруде», - деп хабарлады сәрсенбіде Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
Қосымша ақпаратты ол кешірек беруге уәде етті.

adimage