Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру ақысын көтеру қарастырылып жатыр

Алматы. 1 шілде. ҚазТАГ- Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру ақысын көтеру қарастырылып жатыр, деп хабарлайды агентіктің тілшісі.

"Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (қалааралық облысішілік) және қала маңындағы бағыттарда жолаушыларды тасымалдау қызметтерінің бағасы 120 теңге мөлшерінде белгіленсін", - делінген Қала әкімдігінің қаулы жобасында.

Түсіндірме жазбаға сәйкес, қазіргі уақытта Қазыбек бек – Алматы 2 – Қазыбек бек бағыты бойынша тарифі Т100 болатын әлеуметтік маңызы бар электр теміржол бағыты ұйымдастырылған.

«Алматы әкімдігі қоғамдық көлікпен жүру жолақысын 100 теңгеден 120 теңгеге дейін көбейту жоспарланып отыр. Қалада қоғамдық көліктің барлық түрлеріне бірыңғай тарифті белгілеу мақсатында көрсетілген электр теміржол маршрутында жол жүру құнын Алматы қаласында қалалық тұрақты жолаушылар тасымалдарында белгіленген тариф құнына тең мөлшерде Т120 мөлшерінде ұлғайту ұсынылады»,- делінген құжатта.

Фото көзі: rus.azattyq.org/©Нуртай Лахан


adimage