ТЖМ өртке қарсы қызмет төрағасына, Шымкент және Жетісу облыстары ТЖД бастықтарына қатысты тергеу амалдары аяқталды

Астана. 28 мамыр. ҚазТАГ – Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет төрағасына, Шымкент және Жетісу облыстары ТЖД бастықтарына қатысты тергеу амалдары аяқталды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ТЖМ Өртке қарсы қызметінің төрағасына, Шымкент қаласы мен Жетісу облысы ТЖД бастықтарына қатысты тергеуді аяқтады. Лауазымды тұлғаларға бизнес өкілдерінен жүйелі түрде жалпы сомасы 40 млн теңгеден астам пара алып келді деген айып тағылған. Тергеу соты күдікті адамдарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкциялады. Қылмыстық іс Ақмола гарнизонының әскери сотында мәні бойынша қаралып жатыр», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Еске салсақ, аталмыш тұлғалардың ұсталғаны туралы 2023 жылдың жазында хабарланды. 24 шілдеде белгілі болғандай, өртке қарсы қызмет комитетінің басшысы Нұрболат Дербісов, Шымкенттегі ТЖД бастығы Мадияр Жақсыбаев және Жетісу облысы ТЖД басшысы Бауыржан Ізбасаров қамауға алынған.

Фото көзі: Ашық дерек көздерінен


adimage