Алматыда ресми түрде 14 мыңнан астам жұмыссыз тіркелді – әкімдік

Алматы. 7 сәуір. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Алматыда ресми түрде 14 мыңнан астам жұмыссыз тіркелді, деп хабарлады Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева.
«Жұмыспен қамту орталығында 14 036 адам тіркелді. 19 наурыз 7 сәуір аралығындағы карантин кезінде 1755 адам тіркелген», - деді Шимашева сейсенбідегі брифингте.
Бұл ретте ол атап өткендей, «бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда», ал жұмысқа тұруға ықпал ету бойынша азаматтар Жұмыспен қамту орталығына жүгіне алады.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны жүздеген мыңнан асса, қайтыс болғандар ондаған мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
Сондай-ақ, коронавирус Венгриядағы қазақстандықтан да табылды.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін Мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген. 28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда және Шымкентте карантин шаралары күшейтілді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 685 жағдайы тіркеліп, 50-і жазылып, алты адам көз жұмды.

adimage