Алматыда Төле бидегі ағаштарды отау дерегі бойынша қылмыстық тексеру басталды

Алматы. 24 қараша. ҚазТАГ – Алматыда Төле бидегі ағаштарды отау дерегі бойынша қылмыстық тексеру басталды, деп хабарлады қала прокуратурасының баспасөз қызметінен.  
«Алматы прокуратурасы «Sulpak» дүкеніне іргелес аумақты абаттандыру кезінде жеке кәсіпкердің ағашты заңсыз кесуіне қатысты тексеруді бастады. Белгілі болғандай, құзырлы мемлекеттік орган ағаштарды кесуге рұқсат бермеген. Аталған дерек бойынша Алматы қаласының табиғатты қорғау прокуратурасы ҚР ҚК 340-бабы (ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Қадағалау органында хабарлағандай, «тергеу барысында тиісті сараптама тағайындалады. Сараптама нәтижесінде табиғатқа келген залал тексеріліп, құқықтық баға беріледі».
«Сотқа дейінгі тергеу Алматы қаласы прокуратурасының бақылауында болады», - делінген хабарда.  
Бұған дейін белгілі олғандай, Алматыда Sulpak дүкенінің қасындағы жайқалып тұрған ағаштар оталған. Бұл жайт жұртшылықтың алаңдаушылығын туғызды. 24 қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Төле бидегі ағаштардың оталуына қатысты тексеру жүргізуді тапсырды.  

adimage