Алматыда теракті дайындау күдігі бойынша екі адам ұсталды

Алматы. 18 ақпан. ҚазТАГ – Алматыда теракті дайындау күдігі бойынша екі адам ұсталды, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен.
«14 ақпанда Қазақстан Республикасы ҰҚК жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру нәтижесінде Алматы қаласында деструктивті діни ағымның 2 ұстанушысын ұстап, сот санкциясымен қамауға алды. Олардың мекенжайлары бойынша тергеу іс-қимылдарын жүргізу барысында қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, оны жасауға арналған құрамдас бөліктер, суық қару, шабуылдау көзделген объектілердің фото және бейне түсірілімдері бар смартфондар алынды. Көрсетілген адамдарға қатысты терроризм актісіне дайындалу (ҚР ҚК 255-бабы) және терроризмді насихаттау (ҚР ҚК 256-бабы) фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Тергеу материалдары бойынша, ведомствода атап өткендей, «қамауға алынған адамдар республика аумағында, соның ішінде адамдар көп шоғырланған орындарда террористік актілер дайындаған».
«Тергеу жалғасуда», - деді ҰҚК-нен.

adimage