Алматыда Жеңістің 75 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне бір рет Т250 мыңнан төленеді

Алматы. 18 қазан. ҚазТАГ – Алматыда Жеңістің 75 жылдығына орай Ұлы отан соғысының (ҰОС) ардагерлеріне бір рет Т250 мыңнан төлеу жоспарлануда, деп хабарлады ҚазТАГ ХАА.
ҰОС қатысушыларынан басқа, Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне де Т250 мыңнан төленбек.
Т100 мыңнан: жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген, мәртебесі ҚР «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі заңымен белгіленгендерге; қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен, қайтыс болған) адамның асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы төленетiн балалары мен асырауындағы басқа да жандар;қайталап некеге отырмаған ата-ана, зайыбы (жұбайы), екiншi рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына беріледі.
Т50 мыңнан келесі тұлғаларға төлемек: ҰОС жылдарындағы жанкештілік еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР ордені және медалімен марапатталғандар, сондай-ақ, 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры арылығында алты айдан кем емес уақыт жұмыс жасағандар және ҰОС жылдарындағы жанкештілік еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР ордені және медалімен марапатталмағандар, аталмыш санат бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатындар.
Еске салсақ, фашистік Германияға қарсы соғысқа 1,4 млн қазақстандық қатысқан. Олардың жартысы үйлеріне оралмады.
Бұған дейін ҚазТАГ ХАА хабарлағандай, 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 1339 ҰОС қатысушылары мен мүгедектері қалды.

adimage