Алматыда жоғалған үш жасөспірім өлі табылды

Алматы. 13 ақпан. ҚазТАГ – Алматыда жоғалған үш жасөспірім өлі табылды, деп хабарлады қаланың полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
«Күндіз мектепке кетіп, үйлеріне оралмаған балалар туралы алғашқы ақпарат кеше кешкісін сағат 21.00-ге келіп түсті. (…) Алатау ауданындағы «Теректі» ықшамауданындағы су айдынының жағалауында жоғарыда аталған жасөспірімдерге тиесілі үш сөмке табылды. Іздестіру шараларына республикалық жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері жұмылдырылды. Бүгін 8.00-ге таман балалардың денелері судан шығарылды», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Қазір 13 жасар Денис Мельниковтың, Вадим Сизовтың, Сабыр Дүйсеғалиевтың өлімі бойынша тергеу жүргізілуде.
«Балалардың ажал құшу себептерін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды», - делінген хабарда.
ПД нақтылағандай, іздестіру шараларына полицейлерге Lider.kz. еріктілер қозғалысының өкілдері көмектескен.

adimage