Алматыда журналистерге жасалған шабуыл ісінде полицейлердің әрекетсіздігін ӨҚБ тексеретін болады

Күні: 19:44, 10-12-2019.

Алматы. 10 желтоқсан. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюроның (АҚЗСҚХБ) баспасөз орталығында журналистерге шабуыл жасау дерегі бойынша іс қозғамаған полицейлердің әрекетсіздігін Алматы полиция департаменті (ПД) өзіндік қауіпсіздік басқармасы (ӨҚБ) тексеретін болады, деп хабарлады АҚЗСҚХБ қызметкері, bureau.kz интернет-сайтының редакторы Андрей Гришин.
«Біздің адвокатымыз Инара Масанова Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюроның (АҚЗСҚХБ) баспасөз орталығында журналистерге шабуыл жасау дерегі бойынша іс қозғамаған полицейлердің әрекетсіздігін Алматы полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасының тексергеніне қол жеткізді. Бұл туралы Алматы прокурорының орынбасары С.Ермекбаев қол қойған адвокаттың арызына берілген жауапта айтылған. Бізге белгілі болғандай, тергеу амалдары осы аптада жұма күні басталады», - деді сейсенбідегі баспасөз мәслихатында Гришин.
Баспасөз мәслихаты барысында журналист полицейлердің әрекетсізігіне қалай шағымданғанын толық айтып берді.
«Біздің 2019 жылдың 22 шілдесінде орын алған қылмыстық құқыбұзушылық туралы 30 шілдесіндегі хабарымызды полицейлер тіркемегендіктен, адвокат осы дерек бойынша сотқа арыз түсірді. Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 12 қыркүйегіндегі қаулысымен арыз АҚЗСҚХБ мүддесіне ішінара қанағаттандырылды. Алматы ПД әрекеті, Алматы ПД жергілікті полициясының 30 шілдедегі біздің арызымызды қарамауы және тіркемеуі заңсыз деп танылды. Алматы ПД АҚЗСҚХБ хабарын қарау, жіберілген бұзушылықтарды жою, соның нәтижесі бойынша өтінішті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеу мәселесін шешуге міндеттеді. 4 қазанда адвокат сот қаулысы орындалмағандықтан, Алматының Алмалы аудандық прокуратурасына және Алматы прокуратурасына арызданды», - деп түсіндірді Гришин.
Ары қарай оның айтуынша, ұзақ уақыт бойы аудандық прокуратурадан да, қалалық прокуратурадан да жауап түспегендіктен, адвокат бас прокуратураға шағымданып, сот актісін орындамған кінәлі тұлғаларға, қылмыстық іс бойынша сот актілерінің орындалуын қадағалау бойынша әрекетсіздікке жол берген прокуратура қызметкерлеріне қатысты шара қабылдауды сұраған.
«23 қарашада БП адвокаттың арызы Алматы прокуратурасына жолданғандығы туралы хабарлады. 25 қарашада арыздың Алматының Алмалы аудандық прокуратурасының ақпаратты тіркеу кітабына (АТК) тіркеліп, шара қабылдау үшін Алматы ПД ӨҚБ жолданғаны туралы жауап келді», - деді Гришин.
Еске салсақ, 22 шілдеде Алматыдағы Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюрода аналарды қудалау туралы баспасөз конференциясында журналистерге шабуыл жасалды. Тұтқындалған Шевчуктың адвокаты Ғалым Нұрпейісов пен Шевчуктың төрт баласын қамқорлығына алған анасы баспасөз конференциясында сөз сөйлеуі керек еді. Баспасөз мәслихаты болмады, ҚазТАГ ХАА қызметкерлерінің құрал-жабдығы тартып алынып, «Алматы» және «Азаттық радиоларының» журналистерінің камералары толығымен сындырды. Полиция шақыртылды, бірақ олар кінәлілерге ешқандай шара қолданбады.
Кейінірек белгілі болғандай, шабуылдаушылардың арасында болған Ақжол Ахметова наразылық акциялардың бірінде Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары Шахмерден Рыспаевтың көмекшісі рөлін ойнап, оның сөзін тыңдауға шақырған. Ал Ахметованың күйеуі Жеткеншек Жұмақановтың Алматы облысы бойынша дін істері жөніндегі инспекторы екені де белгілі болды.


Жаңалықтармен бөлісу: