Алматыда жылыту маусымы мерзімінен бұрын басталды

Алматы. 28 қыркүйек. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Алматыда жылыту маусымы мерзімінен бұрын басталды, деп хабарлады Алматы жылуэнергокешені кәсіпорны мен ТҮКШ ресми өкілі Ян Гирин.
«2020-2021 жылғы жылыту маусымы Алматыда ерте басталды. Қала басшысының тапсырмсаы бойынша 28 қыркүйектен бастап жылу кешені кәсіпорындары тұтынушыларға жылу беруді бастады. Бірінші кезекте денсаулық сақтау, білім беру және басқа да әлеуметтік нысандар қосылады. Бұл аталмыш нысандардың жұмыс ерекшелігіне байланысты», - деді Гирин ҚазТАГ тілшісіне.
Сондай-ақ, ол нақтылағандай, сосын көп пәтерлі тұрғын үйлер қосылады, ары қарай қалғандарына кезек келеді.

adimage