Алматыдан Ыстық Көлге 1 шілдеден бастап чартерлік рейс шығарылады

Алматы. 20 маусым. ҚазТАГ - Алматыдан Ыстық Көлге 1 шілдеден бастап чартерлік рейс шығарылады, деп хабарлады Qazaq Air авиакомпаниясының баспасөз қызметінен.
«Qazaq Air өңірлік авиакомпаниясы Kompas туроператорымен бірге Ыстық Көл көліне танымал курорттық бағыт бойынша жазғы чартерлік бағдарламасын жүзеге асырмақ» - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Сонымен қатар, авиакомпанияда чартерлік рейстің ұшырылатын күнін де атады.
«2019 жылдың 1 шілдесінен бастап дүйсенбі және жұма күндері Qazaq Air жайлы авиалайнері Алматыдан Қырғызстан Республикасы Тамшы ауылындағы «Ыстық Көл» халықаралық әуежайына ұшатын болады, ұшу ұзақтығы 40 минуттан астам» - деді баспасөз қызметінен.

adimage