Алматының Алатау ауданының экс-әкімі мен оның бұрынғы орынбасары екі айға қамауға алынған

Алматы. 20 қаңтар. ҚазТАГ – Толқын Тәшімов. Алматының Алатау ауданының экс-әкімі Шахмерден Рыспаев пен оның орынбасары Саят Ағыбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Алматы қаласының мамандандырлыған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен күдіктіге қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды», - деп хабарлады дүйсенбіде агенттік тілшісіне Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, 2020 жылы 18 қаңтарда Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен Алматы қаласы Алатау ауданының бұрынғы әкімі, оның орынбасары, сондай-ақ осы аудан әкімі аппараты мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысын әшкереледі. Олар 2019 жылы «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген бюджет қаражатын ірі мөлшерде ұрлады деген күдікке ілінген. Ведомство ақпарынша, карта шотына банктен қаржы аудару арқылы аудан әкімі орынбасарының мердігер ұйымның өкілінен оған қолдау көрсету үшін Т500 мың көлемінде пара алу, атқарылған жұмыстар актісіне шын мәнісінде орындалмаған жұмыстардың орындалғаны туралы әдейі жалған мәлімет толтыру арқылы қызметтік жалғандық жасау дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

adimage