Алматы. 12 ақпан. ҚазТАГ – Толқын Тәшімов. Алматының бір ауданының өзі өнеркәсіп өнімінің төрттен бірін беріп отыр, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Ауданның өндіріс көлемі 941 өнеркәсіптік кәсіпорын есебінен қалыптасады, оның ішінде 37-сі ірі және орта өнеркәсіптік кәсіпорындар және 904-і шағын кәсіпорындар. Жетісу ауданы Алматының өнеркәсіп өндірісінің көлемі бойынша сегіз ауданның ішінде бірінші орында тұр, немесе 23%», - деді Жетісу ауданының әкімі Мақсат Қиқымов сәрсенбідегі брифингте.
Оның айтуынша, бұл аудан бөлшек сауда көлемі бойныша бірінші орында тұр және көтерме сауда бойынша аудандар арасында төртінші орында.
«Бөлшек сауда көлемі Т800,2 млрд құрап, 2,4% өскен, көтерме сауда көлемі – Т1,9 трлн болып, 0,1% өскен, құрылыс жұмыстарының көлемі 5,4% болды», - деп атап өтті Қиқымов.
Қатысты сілтемелер
-
Алматы облысында өрт сөндіру автосатысын сатып алуға Т587,5 млн жұмсау жоспарлануда26 Сәуiр 2024, 11:33
-
Шымкентте полиция қызметкерлерінің атын жамылған күдіктілер 10 жылға сотталуы мүмкін26 Сәуiр 2024, 11:23
-
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды26 Сәуiр 2024, 10:58