Алматының Бостандық ауданында 19-23 тамызда уақытша газ сөндіріледі

Алматы. 16 тамыз. ҚазТАГ – Алматының Бостандық ауданында 19-23 тамызда уақытша газ сөндіріледі, деп хабарлады «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматы өндірістік филиалынан.
Компанияда нақтылағандай, газды орташа қысымды газ құбырын жаңғырту және қайта жөндеу жұмыстарына байланысты сөндіреді.
«2019 жылдың 19-23 тамызы аралығында Бостандық ауданында «Алма Арасан» ықшамауданы, Дулати даңғылындағы тұрғын үйлерде, «Нұр Алатау» ықш; «Қазақфильм» ықш; «Нұрлытау» ықш; гольф клуб «Жайлау» гольф клубында «Мирас» ықш; «Хан Тенгри» ықш; «Машиностроитель»; «Алатау» ПК; «Звездная» ықш; «Алма Арасан» ықш. жеке сектордағы 4342 үй, 240 көп пәтерлі үй, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік кәсіпорындарға (91 бірлік) газ беру тоқтатылады.

adimage