Қарағанды фармкешенінде «Спутник V» екпесінің тағы 1,2 млн дозасы өндіріледі - Цой

Астана. 18 мамыр. ҚазТАГ – Қарағанды фармацевтикалық кешенінде «Спутник V» екпесінің тағы 1,2 млн дозасы өндіріледі, деді Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
«Вакциналарды жеткізу кестеге сәйкес жүргізілуде. Мәселен, 14 мамырда Қарағанды фармкешеніне «Спутник V» жасауға арналған субстанция жеткізілді. Қазіргі таңда вакцинаның 1,2 млн дозасын кезең-кезеңімен әзірлеу жүргізілуде», - деді Цой сейсенбідегі үкімет отырысында.
Сондай-ақ, ол мәлімдегендей, айдың соңына дейін қазақстандық QazVac және қытайлық Hayat-Vaх вакциналарын қосымша жеткізу күтілуде.
«Бүгінгі таңда вакцинаның 2,6 млн дозасы қолданылған. Оның ішінде бірінші құрылымымен 1 871 823 адам, екінші құрылымымен 778 346 адам егілді», - деп атап өтті Цой.

adimage