Қарағанды облысында 295 адам карантинде жатыр

Қарағанды. 27 наурыз. ҚазТАГ - Қарағанды облысында 295 адам карантинде жатыр, деп хабарлады облыстың денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
«Бүгінгі таңда Қарағанды облысында карантинде тәулік бойы бақылауда 295 адам жатыр (1А санатты елдерден келгендер немесе шартты түрде ауру жұқтырғандармен бірге болғандар), ал үй жағдайындағы карантинде 342 адам жатыр. Олардың барлығының жағдайы жақсы, аурудың белгісі жоқ. 26 наурызда COVID-19 екі жаңа жағдайы расталды. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Барлық қажетті емді алып жатыр», - делінген 27 наурыздағы Қарағанды облысындағы эпидемиологиялық жағдай туралы хабарда.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны 534,5 мыңға жуық, қайтыс болғандар – 24,1 мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
Сондай-ақ, коронавирус Венгриядағы қазақстандықтан та табылды.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін Мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген.
Қазіргі таңда Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 125 жағдайы тіркелді. 25 наурызда екі қазақстандықтың коронавирустан жазылып шыққаны хабарланған еді. Ал 26 наурызда Нұр-Сұлтанда бір әйел коронавирус инфекциясы салдарынан көз жұмды.

adimage