Қарағанды облысында жеке үйлердің бірінен шыққан өрттен әйел көз жұмды

Астана. 25 сәуір. ҚазТАГ - Қарағанды облысында жеке үйлердің бірінен шыққан өрттен әйел көз жұмды, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
«25 сәуірде сағат 03.53-те өрт сөндіру қызметінің тетігіне Қарағанды облысы Осакаровский ауданы Осакаровка ауылындағы жеке үйлердің бірінен өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өрт 130 ш.м. алаңнан шыққан. Өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері тілсіз жауды 05.21-де ауыздықтап, 06.30-да толық сөндірді. Өрт шыққан жерде 1964 жылы туылған әйел адамның денесі табылған» - деді Нұрахметов бейсенбіде.
Ол атап өткендей, өрт шығуының алдын-ала себебі – электр тоқтарының қысқа тұйықталуы.
«Өрт сөндіруге облыстық ТЖД жеке құрамының 9 адамы мен 2 бірлік өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған», - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі.

adimage