Қарағандыда 600-ге жуық отбасы 20 жыл бойы сусыз, жарықсыз және жолсыз өмір сүріп келеді

Күні: 18:13, 30-10-2020.

Қарағанды. 30 қазан. ҚазТАГ – Қарағандыда 600-ге жуық отбасы 20 жыл бойы сусыз, жарықсыз және жолсыз өмір сүріп келеді, деп хабарлады ҚазТАГ.
«Қарағандыда Күнгей ықшамауданындағы 600-ге жуық отбасы 20 жыл бойы сусыз, жарықсыз және жолсыз өмір сүріп келеді. Тұрғындар әкімдікке бірнеше мәрте барған, алайда одан әлі күнге дейін еш нәтиже шықпаған. Тұрғындардың айтуынша, Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Ерлан Қошанов проблеманы шешуге уәде берген, енді олар жаңа өңір басшысы Жеңіс Қасымбектің назарын осы жағдайға аудартуға тырысуда», - деп хабарлады жұма күні ҚазТАГ тілшісі.
Халық жолдың нашар болуының салдарынан жедел-жәрдем де шақыра алмайтынарын айтып шағымданды, ал жарық пен интернеттің болмауы оқушылардың оқуы үшін үлкен проблемаға айналған. Суды да күнгейліктер қаланың басқа бөлігінен тасиды.
«Әкімдікке бірнеше рет бардық, олар тек уәде бергеннен басқа ештеме істемейді», - деді ықшамаудан тұрғыны Әмина Жакупова.
Басқа тұрғын – Әлия Туленова биліктің олардың учаскесін сумен 2020 жылы қамтуға уәде бергенін жеткізді.
«Маған: «Кез-келген еркелікті ақша үшін жасаймыз - Т150 мың» деді. Неге «Қарағанды су» өзі келіп, өз қызметтерін ұсынбайды? Біз оларға төлер едік, әр кабинетті аралап жүру үшін біз қаланың арғы шетіне баруымыз керек... Біз жарықты бір әйелден алып отырмыз. Ештеме қоса алмаймыз. Бір лампамен ғана отырмыз. Үйде оқушылар бар. Балам 9 класта оқиды, ол компьютермен сабақ орындауы керек. Қалай жасарымызды да білмейміз. Жарық үнемі өшіп қала береді. Жарықсыз, сусыз – тіпті мүмкін емес. Аялдамаларды бізді күлкі ету үшін қойды ма?! Тас жолға барамыз. Автобустар мүлде келмейді. Неге балаларымыз далалықта жаяу жүруі керек? Шаршадық мұның бәрінен» - деді Туленова.
Жолдардың нашар екеніне ықшамаудан тұрғыны Салтанат Шаихова да мысал келтірді.
«Көктемде жолдар әсіресе нашар. Жедел-жәрдем шақыра алмаймыз. Алдында жүкті әйелге жедел-жәрдемді ТЖ арқылы шақыруға тура келді», - деді Шаихова.
Журналистер тұрғындармен сөйлесіп тұрғанда Күнгейге күтпеген жерден қалалық әкімдік өкілдері келді. Бірақ олар да Қазақстанның ірі қалаларының біріндегі ықшамаудандағы 20 жылға созылған инфрақұрылым мәселесінің қашан шешілетініне нақты жауап бере алмады.
«Бүгінгі жаңдай туралы мен қала әкіміне баяндаймын. Барлық жағдайды түсіндіремін. Бұл мәселе бүгін-ертең шешілмейді. Барлығы бюджетке байланысты», - деп мәлім етті Қарағанды қаласы Қазыбек би ат. аудан әкімінің орынбасары Мұрат Қамалиев.



Жаңалықтармен бөлісу: