Қарағандыда балаға дөрекілік танытқаны үшін бөбек-бақша тексерілетін болады

Қарағанды. 3 ақпан. ҚазТАГ – Қарағандыда балаға дөрекілік танытқаны үшін бөбек-бақша тексерілетін болады, деп хабарлады ҚазТАГ.
«2023 жылдың 1 ақпанында «Арман» бөбек-бақшасының әкімшілігі білім бөліміне тәрбиешінің көмекшісі балаға дөрекілік танытқаны туралы мәлімдеді. Баламен жұмыс жасау барысында мұндай деректерге жол беруге болмайды. Баланың анасынан кешірім сұралды. Білім бөлімі бөбек-бақшаға тексеріс жүргізеді», - деп хабарлады жұма күні Қарағанды облысы білім бөлімінен.
Бөбекбақшаның директорына еңбек заңнамасы аясында жұмысшысының тәртіптік жауапкершілігі мәселесін қарау тапсырылды (еңбек шартын бұзуға дейін).
Бөбек-бақша қызметкерінің қыз баланы шашынан жұлқып жатқан видеосы бұған дейін ғаламторға тарап кеткен еді.

adimage