Қарағандыда Lexus көлігінің мас жүргізушінің қатысуымен орын алған жаппай ЖКО дерегі бойынша тергеу басталды

Алматы. 21 қазан. ҚазТАГ – Қарағандыда Lexus LX 570 көлігінің мас жүргізушісінің қатысуымен орын алған жаппай ЖКО дерегі бойынша тергеу басталды, деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаменті (ПД) баспасөз қызметінен.
«Белгілі болғандай, Lexus LX 570 көлігінің 49 жасар жүргізушісі мас күйде үйдің ауласында тұрақта тұрған бес көлікке соққан. ЖКО салдарынан 25 жасар ер адам мен 29 жасар әйел ауруханаға жеткізілді. Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 345 бабы 2 бөлімі (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша қылмыстық іс тіркелді », - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Бұған дейін әлеуметтік желіде соған сәйкес видео тараған еді. ПД-де нақтылағандай, оқиға 20 қазанда «Степной-4» ықшамауданында болған, сол кезде хабарлағандай, полицияға қоңырау шалғанда Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі аулада тұрақта тұрған көліктерге соғып, өзі ұйықтап кетті» деген еді.
«Ал полиция қызметкерлерінің көлік сиренасын сөндіріп, Lexus LX 570 көлігінің ізіне түсті деп тараған ақпарат шындыққа жанаспайды», - деді полицейлер.

adimage