Қарағандыда подъездердің бірінде есіктің алдында жамылғыға оралған сәби табылды

Қарағанды. 3 наурыз. ҚазТАГ – Қарағандыда подъездердің бірінде есіктің алдында жамылғыға оралған сәби табылды, деп хабарлады ҚазТАГ.
«3 наурызда сағат шамамен 00.15-те Октябрь полиция бөліміне 15 ықшамаудандағы үйлердің бірінің подъезінде белгісіз біреудің жамылғыға оралған екі айлық сәбиді есіктің алдына тастап кеткені туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына жедел-жәрдем көлігі шақыртылды. Сәбидің дені сау, ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады сәрсенбі күні Қарағанды облысы полиция департаментінен.
ҚР ҚК 119 бабы 1 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
«Полиция қызметкерлері сәбидің анасын іздестіруде», - деді полицейлер.

adimage