Қарағандыда өрт кезінде 18 ересек адам мен жеті бала эвакуацияланды

  Қарағанды. 12 тамыз. ҚазТАГ – Қарағандыда өрт кезінде 18 ересек адам мен жеті бала эвакуацияланды, деп хабарлады ТЖД.
   "12 тамызда сағат 00.07-де Қарағандыда Н.Әбдіров даңғылында 9 қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. 25 адам эвакуацияланды, оның ішінде 7 бала", - делінген хабарламада.
   Өрт сөндіруге 21 адам мен төрт техника жұмылдырылды.
   Анықталғандай, 4-қабатта 5 шаршы метр аумақта балконда қоқыс өртенген.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

adimage