Қарағандыда үш жасар баланы ұрлауы және өлтіруі бойынша күдікті ұсталды

Алматы. 9 қыркүйек. ҚазТАГ - Қарағандыда үш жасар баланы ұрлауы және өлтіруі бойынша күдікті ұсталды, деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің (ДП) баспасөз қызметі.
«9 қыркүйекке қараған түні, шамамен сағат 1.00-де полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігімен (кісі өлтіру) қылмысқа күдікті 1996 ж.т. Сопыжанов Игентай Каримовичті ұстады», - деді дүйсенбіде Қарағанды полиция бөлімінің бастығы Ерлан Файзуллин.
Ұсталған уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Сопыжанов баланы ұрлауы мен өлтіруді мойындады. Дәлелдемелер базасын нығайту үшін тергеу шаралары жүргізілуде», - деп толықтырды Файзуллин.
Еске салсақ, 5 қыркүйекте Бұрма ауылындағы дүкеннің жанында бір ер адам 22 жастағы танысына жүгіріп келіп, дұшпандық қарым-қатынас салдарынан үш жасар баланы оның қолынан жұлып алып, қашып кеткен.
Шілденің 8-інде Шет ауданының Бұрма ауылының шетіндегі орман екпесінде полиция үш жасар баланың денесін тапқаны белгілі болды.

adimage