Алматы. 15 ақпан. ҚазТАГ – Қарағандыда «зебраға» өтіп кеткен жеңіл көлік екі жасөспірімді қаққан, олар ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«Ағымдағы жылы 15 ақпанда шамамен 14.00-де Lada Priora көлігінің 31 жасар жүргізушісі Шахтеров даңғылымен Букетов көшесіне қарай жүріп келе жатып, реттелетін жаяу жүргіншілер жолында 13 және 14 жастағы екі баланы қағып кеткен. ЖКО салдарынан зардап шегушілер медициналық мекемеге жеткізілді», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, ЖКО дерегі бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізілуде.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев Қазақстанның креативті индустрия өкілдерімен кездесті18 Наурыз 2024, 17:47
-
Түркістан облысында 30 жастағы қыз құдықтың құбырына құлап кеткен18 Наурыз 2024, 17:39
-
Тоқаев Путинді Президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады18 Наурыз 2024, 16:17
-
Қазақстанда алдағы үш тәулікте ауа райының төмендеуі күтіледі18 Наурыз 2024, 13:48