Қарағандыда жылу магистралының жарылысы салдарынан үш коммуналдық жұмысшы зардап шекті

Алматы. 10 қаңтар. ҚазТАГ – Қарағандыда жылу магистралының жарылысы салдарынан үш коммуналдық жұмысшы зардап шекті, деп хабарлады Қарағанды облысы денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.
«10 қаңтарда сағат 13.00-де М3 Д.н. 820мм. жылу магистралінің жерасты құбырөткізгіші жарылды. Жарылыс салдарынан «Теплотранзит» ЖШС үш жұмысшысы зардап шекті, қазіргі сәтте оларға тиісті медициналық көмек көрсетілуде», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, нашарлаған циркуляциялық режим аймағына келесі ықшамаудан тұтынушылары тап келіп отыр: М. Мамыраев ат, Голубые пруды, Оңтүстік-Шығыс бөлігі, Гончарная көшесі, Зональная, Орлова, Молокова, Юбилейная, Новоселов, Комиссарова, Полетаева, Ермекова, Анжерская және Нұркен Әбдіров даңғылы.
«Орын алған ақауды жою үшін алты апаттық-қалпына келтіру бригадалары, 11 бірлік құтқару техникасы жұмылдырылған. Сондай-ақ түсіндіре кетейік, бұған дейін аталмыш учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Ақау шамамен төрт сағатта жойылуы мүмкін», - делінген хабарда.

adimage